Заманауи технология үш өлшемді көрілімге ие сапаны көзілдіріксіз көруге мүмкіндік бергенімен, әзірге жаппай қолданысқа енбей тұр. Осы проблеманы алға тартып, Toshiba компаниясы 4К сапамен көзілдіріксіз көруге болатын 3D-теледидарлар сериясын шығаруды жоспарлап отыр.
Одан бөлек, диагоналі 15 дюймді дисплей үш өлшемді сападан стереоскопиялық тәртіпке бірден ауыса алады. Бұл өрісте 3D тәртіптегі сапа төмендемейді және 2D тәртіптегі сапа жоғары деңгейде сақталып қалады.
Жапондық компанияның өкілдері аталған жаңа технологияның болашақта кеңінен қолданысқа енетінін сеніммен айтып отыр. Себебі 3D және 2D картиналарының бір сәтте ауысуы тұтынушылардың қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, ешқандай арнайы көзілдірікті сатып алу қажет болмайды.
Toshiba компаниясы болашақта инженерлік өнімін смартфондарды шығаруда да қолдануды жоспарлап отыр.
Сурет: www.displayalliance.com