Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Мәжілісмендер "Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады.
Осы заң жобасы аясында сөз сөйлеген депутат Елнұр Бейсенбаев Қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап, 200 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалардың ұдайы құмар ойын ойнағанын айтты.
"Бұл жасөспірімдер энергетикалық сусындарға мас күйде бәс тігуі мүмкін. Қазір тіпті 10 жастағы бала да осыған байланысты энергетикалық сусын сатып ала алады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды", - деді депутат.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!