- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді 2-сыныпта шет...
Енді 2-сыныпта шет тілі оқытылмауы мүмкін
2-сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дайындалған құжатта 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптардан "Шет тілі" пәні алып тасталатыны айтылған.
10-11-сыныптардағы үлгілік оқу жоспарында оқу жүктемесі қысқаруына байланысты "Шет тілі" пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттар есебінен бір сағатқа ұлғайтылған.
"11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық деңгейіне шығаруға және мектеп түлектеріне еуропалық біліктілік шеңберінің қажет деңгейін игеруге мүмкіндік береді", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.
Түзету жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова