- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді 1 теңге...
Енді 1 теңге қарызыңыз болса да есепшотыңыз бұғатталмауы мүмкін – Қаржы министрлігі
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов алдағы уақытта қазақстандықтың 1 теңге қарызы болса да есепшоты бұғатталмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілісте Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулері таныстырылды. Кулуарда министрдің орынбасары заңға енгізілетін маңызды норманың бірін түсіндірді.
"Біріншіден, бүгінде әлеуметтік төлемдер бойынша (медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы) берешек 1 теңгеден асса, онда шаралар қабылданады. Енді президенттің тапсырмасын ескеріп, біз берешек сомасын саралаймыз. Біз 20 АЕК-ке (73 840 теңге) дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданбаймыз, яғни есепшотты бұғаттамаймыз. Азаматқа күн сайын қарыздың өсімпұл есептелетінін ескертіп, хабарлама жібереміз", - деді Ержан Біржанов.
Сондай-ақ ескертуді елемесеңіз, қиындыққа тап болуыңыз ықтимал.
"Екіншіден, градация 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке дейін (74 мың теңгеден 166 мың теңгеге дейін) өседі. Салық төлеушіге берешекті өтеу керегі туралы хабарлама жібереміз. Талап орындалмаса, біз 30 күн ішінде шара қолданамыз. Үшіншіден, салық төлеуші қарызды өтемесе, мәселе жабылады, ал өтелмесе, біз есепшотты бұғаттауға мәжбүр боламыз. Мысалы, салық төлеушінің қарызы 166 мың теңгеден асса (45 АЕК), алайда ол талапты орындамаса, біз тек есепшотты бұғаттаумен шектелмейміз. Мұндай жағдайда салық төлеушінің мүлік хаттаудан өткізіп, қарызды дебитордың есебінен өндіріп аламыз", – деді министрдің орынбасары.
Аталған заң жобасын депутаттар жұмыс тобында тағы талқылайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен