Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі солтүстікке қоныс аударуда ақша ұрлануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аудару бағдарламасына бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын талдау кезінде ҚР Бас прокуратурасы анықтаған оны теріс пайдалану және ұрлау фактілері бойынша келесіні хабарлайды. Бұл заңбұзушылық фактілерін алғаш рет Еңбек министрлігінің қызметкерлері 2023 жылдың қыркүйегінде анықтаған болатын, ол жөнінде жергілікті атқарушы және қадағалау органдарының өкілдері дер кезінде хабардар етілді. Бұдан басқа, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында Еңбекмині 2023 жылы қолданыстағы НҚА-ға қажетті түзетулер енгізді.
2024 жылдың 12 қыркүйегінде ҚР Бас прокуратурасы Азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабарлады.
Қадағалау органының деректері бойынша жалған құжаттарды пайдалана отырып азаматтардың жалған көшін рәсімдеу жолымен 1 млрд теңгеден астам қаржыны мақсатсыз пайдалану мен ұрлау фактілері анықталды.
"Прокурорлар сотқа дейінгі 20 тергеуді бастады. Тергеу барлық қатысушы тұлғаларды анықтау, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдайды. Нормативтік актілердегі олқылықтарды жою және бағдарламаның іске асырылу барысын бақылау жүйесін күшейту үшін Үкіметке қадағалау актісі енгізілді", – делінген ҚР Бас прокуратураның хабарламасында.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек күші артық өңірлерден азаматтарды өз еркімен қоныс аудару бағдарламасын іске асыру бойынша заңбұзушылықтарды Еңбекминнің Көші-қон комитетінің қызметкерлері алғаш болып анықтағанын хабарлады.
Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Үкімет айқындаған қоныстандыру өңірлерінің тартымдылығын арттыру мақсатында жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50%-на дейін мөлшерде экономикалық мобилділік сертификаттары бойынша ақшалай төлемдер жүзеге асырыла бастады.
Сол жылдың қыркүйегінде Еңбекмині берілген 486 экономикалық мобилділік сертификаттары бойынша кешенді талдау жүргізді. 2023 жылғы 15 қыркүйекте әкімдіктердің тиісті шаралар қабылдауы үшін қоныстандыру өңірлеріне қымбат бағамен тұрғын үй сатып алудың анықталған фактілері бойынша ескертулер жіберілген.
Сол жылдың 19 қазанында Еңбекмині қоныстандыру өңірлеріне экономикалық мобилділік сертификаттарын іске асыруға тұрақты талдау жүргізу, сондай-ақ сатып алынатын тұрғын үйдің құнын оның нарықтық бағаларға сәйкестігін салыстырып, тексеру жүргізу қажеттілігі туралы хат қайта жолданды.
2023 жылдың қазан айынан бастап Еңбекмині қоныс аударушылар сатып алатын тұрғын үйді міндетті бағалау туралы талаптарды көздейтін НҚА-ға түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Бұл өзгерістер 2023 жылдың 29 желтоқсанында күшіне енді.
2024 жылғы 30 мамырда Жұмыс күшінің мобилділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының тұрғын үй сатып алу және сату бөлігінде қосымша күшейтілді.
Министрлік ерікті қоныс аудару шараларын жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар нормаларды қолданудың практикалық тәжірибесін және оларды іске асыру процесінде анықталған проблемаларды ескере отырып әзірленетінін атап өтті.
Бүгінде Еңбекмині экономикалық мобилділік сертификаттары бойынша төлем тәртібін одан әрі жетілдіруге бағытталған түзетулердің үшінші пакетін әзірлеген.
Жоғарыда көрсетілген қабылданған нормалармен және Еңбекмині әзірлеген түзетулермен қатар 2023 жылдың қараша айынан бастап бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер процестерін техникалық жақсарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Мәселен, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы наурызға дейін келген қоныс аударушылар мен қандастардың отбасыларын бейімдеу және интеграциялау бойынша пилот өткізілді. Келген отбасыларды сапалы бейімдеу және интеграциялау мақсатында көрсетілетін қажетті қызметтердің 25 түрі анықталды. FSM Expert мобилді қосымшасы арқылы қандастар мен қоныс аударушылар отбасыларын сүйемелдеу бойынша мониторинг енгізілді. Еңбекмині пилоттың қорытындысы бойынша оның нәтижелерін масштабтау мақсатында қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойынша жаңа алгоритм қабылданды.
"Сонымен қатар "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қоныс аударушылар мен қандастар бойынша есептілікті түсірумен жаңа функционал енгізілді, олар қоныстану өңірлерінен өз бетінше кетіп, оңтүстік өңірлерге оралады.
Жалпы, Еңбекмині жүргізген жоғарыда аталған жұмыстар тұрғын үй сатып алумен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Алайда мәселе жергілікті атқарушы органдар тарапынан сақталып отыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар осы жылдың 22 ақпанында Еңбекмин басшысы Светлана Жақыпованың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңір әкімі Асаин Байхановтың төрағалығымен өткен облыс активінің, оның ішінде прокуратура өкілдерінің қатысуымен болған кеңесте ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының сөйлеген сөзінде Павлодар облысында қоныс аудару бағдарламасын іске асырудағы проблемалар туралы атап өтілді, оның ішінде үй құнын асыра бағалау, туыстар арасындағы мәмілелер, тағы басқа жағдайлар туралы да егжей-тегжейлі айтылды.
"Осыдан кейін Павлодар облысының прокуратурасы қоныс аудару бағдарламасы бойынша тексеруді бастады. Осыған орай тиісті хаттарды Еңбекмині ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне жолдады", делінген хабарламада.
Осылайша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша қажетті шараларды қабылдап, олардың алдын алу үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз