Еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік лудоманияның кесірінен қызметінен айырылды

Еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік лудоманияның кесірінен қызметінен айырылды
Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында лауазымды тұлғалар құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылған, олардың біреуі - аудандық бөлімше басшысы.

Жетісу облысы Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді сақтау бағытында талдау жүргізіп, кейбір мемлекеттік қызметшілер букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқанын, бәс тіккенін анықтаған.

Олар букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккені белгілі болған. Ойын шотын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асқан.

"Тәртіптік комиссия шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымынан босатылды. Олардың бірі - еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget