- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еңбек министрінен 17...
Еңбек министрінен 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтару сұралды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтару сұралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай сұраныс "Ашық диалог" порталындағы Еңбек министрінің блогына жіберілді. Ер адам Еңбек министрлігінің басшысынан 17 желтоқсанда демалыс күні мәртебесін қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
"25 қазан - Қазақстан Республикасы күні демалыс күні мәртебесі қайтарылды, бірақ 1 және 17 желтоқсан алып тасталды. Мен түсінемін, бәлкім, Еңбек министрлігі еңбек пен демалыстың тепе-теңдігіне сүйенген шығар, бірақ біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, 17 желтоқсан әрқашан мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болғанына үйреніп қалғанбыз", - деп жазды үндеу авторы.
Бұған жауап ретінде Тамара Дүйсенова Қазақстанда тойланатын мерекелердің құқықтық негіздері "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңмен реттелетінін айтты.
"Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері.
16 желтоқсан - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты күн болғандықтан мемлекеттік мереке. Ал еске алу күні - 17-18 желтоқсан. Осыған байланысты 17 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді орынсыз деп санаймыз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек