Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты.

"Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды", - деді Биғайдаров Антикорда өткен брифингте.

Ресми мәлімет бойынша шенеунік әйел мүгедек балалардың ата-аналарынан мүгедектік тобын келісіп алғаны үшін бірнеше рет жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Пара қаладағы емханалардың біріндегі медбике арқылы алынған.

Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!