- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еңбек министрі зейнетке...
Еңбек министрі зейнетке шыққан соң не істейтінін айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда неліктен жұмыс істейтін зейнеткерлер көп екенін және зейнетке шыққаннан кейінгі өзінің жоспарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат отырысы кулуарында журналистер министрден Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлер санының артуы неге байланысты екенін сұрады.
"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілерге еңбек шартын жалғастыру немесе сол адамның жұмыс тәжірибесіне байланысты жалғастырмау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік бердік. Көптеген жұмыс беруші бұл жұмысшыларды сол жалақымен бұрынғы күйінде қалдырады. Оған қоса, олар республикалық бюджет ұсынған зейнетақы алады. Иә, кейбір жағдайларда жұмысын жалғастырғысы келетін адамдар болуы мүмкін, өйткені бұл олардың отбасылық бюджеті үшін қажет. Яғни, біз жұмысқа кедергі жасамаймыз. Бұл - адамның таңдауы", - деді Тамара Дүйсенова.
Министр зейнетке шыққаннан кейінгі жоспарын айтты.
"Менің тәжірибем қажет болса, жұмысты жалғастырар едім. Тәжірибем қажет болмаса, онда әрине, мен де зейнетке шығамын. Зейнетақы аламын", - деді ол.
Айта кетейік, қазір Тамара Дүйсенова 58 жаста.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова