- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еңбек және халықты...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Талғардағы трагедияға әсер еткен фактілерді атады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, бұл оқиғаны халықтың әлеуметтік жағдайымен байланыстырмауды сұрады. Ол шабуылдаушылардың өмір салтының әлеуметтік осал топтарға жатпайтынын атап өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шабуылдаушылар ұстанған өмір салты олардың әлеуметтік осал топтың өкілдері дегенді білдірмейді. Мұнда тәрбие факторы мен мұндай мінез-құлықты қоғамның айыптауы маңызды рөл атқарады. Шерзаттың әкесі өзіне қатысты қорқытулардың түсіп жатқанын ескерткен. Тиісті органдар назарға алуы керек еді", – деп пікір білдірді Светлана Жақыпова.
Талғардағы трагедия
Талғарда болған Шерзат Болаттың қайғылы оқиғасы 2024 жылдың 4 қазанында орын алды. 16 жастағы Шерзаттың өлімі мен тағы екі адамның ауыр жарақат алуына себеп болған төбелес дүкенде басталған. Бір жігіт сыра алып, оның ақшасын төлемей кеткен кезде, Шерзаттың әкесі төлем жасауды талап еткен. Осыдан кейін жігіт өз достарын шақырып, төбелес шыққан. 12 қазан күні белгісіз біреулер марқұм Шерзаттың отбасы тұратын үйді өртеп кетті.
Осы оқиғаға қатысты жеті күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Прокуратура бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді, тергеу объективті жүргізілетініне кепілдік берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет