Ербол Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үкіметтің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ербол Тұяқбаев туралы не белгілі?
Ол 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:
- 2013-2018 жылдары - ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы.
- 2019-2020 жылдары "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ БАҚ, Astana ӘКК акционерлік қоғамында қызмет етті.
- 2020-2023 жылдары - Астана қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
- 2023 жылғы ақпаннан бастап қазірге дейін ҚР Үкіметі аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова