Танымал әнші Ерке Есмахан баюдың жолын үйрететін коучтарды келеке ететін жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәселенің бәрі Ерке Есмаханның шаш туралы жазбасынан бастау алған.
"Шашым қалың, бұйра-бұйра, сосын кішкентайымда биттей беретінмін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кез де болды. Сонда да кетпейтін бит, сірке", - деп жазған Ерке Есмаханға оқырмандары түрлі реакция білдірген.
Тіпті бір оқырманы: "Мен тазалап берейін сізге тегін", - деген жауап жазыпты.
Әзілге жақын әнші: "И қасқа, кішкентай кезімде деп жаздым ғой. Тазалап берейін дегені несі, онымен қоймай тегін дей ме? Неге ондайсыздар? Алла, Алла", - деп жауап берді.
Тағы бір оқырманы битті байлыққа жоритын пікір қалдырыпты.
"Кішкентай кезде биттегендер өскенде бай болады дейді ғой", - деген оқырманына Ерке Есмахан:
"Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, қазір Антальяда демалып жатырмыз ғой, шүкір. Баюдың жолын таптық коуч ханымдар", - деп сарказмға толы жауап қалдырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!