Клиникалық психолог Денис Долгов ұйқы мен сергектік, уақыт белдеуі, климаттың өзгеруі ағза үшін стресс екенін айтады. Маманның айтуынша, еңбек демалысынан жұмысқа оралудың жолын сақтау керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Психолог демалыстан жұмысқа оралу мүмкіндігінше жеңіл болу үшін не істеу керегін бөлісті.
Бірден жұмысқа кіріспеңіз
Демалыстан түнде келе салып, таңертең жұмысқа барудың қажеті жоқ. Өзіңізге бейімделу үшін 2-3 күн беріңіз.
Жаңа тәулік ырғағына өтіңіз
Бұл - басқа уақыт белдеуінде демалыста болсаңыз керек кеңес. Күн мен түнді шатастырып, күндіз ұйқыңыз келіп қиналғанша, бір күн шыдап ұйықтамай, сосын қалыпты режимге өткеніңіз жақсы.
Бейсенбі күні жұмысқа барыңыз
Дүйсенбі ауыр күн болуы мүмкін, әсіресе демалыстан кейін. Иә, мерекеден кейінгі толық жұмыс аптасына бірден қосылу қиын болуы мүмкін.
Барлығын бірден жасауға тырыспаңыз
Жұмысқа барған кезде бәрін бірден жасауға тырыспаңыз, барлық жобаға қатысып және жұмыс поштаңызда жиналған хаттарға бірден жауап беруге тырыспаңыз. Назарыңызды бірнеше басты міндеттерге бөліңіз. Қалғанын бірте-бірте орындаңыз.
Жұмыс барысы туралы қысқаша ақпарат алыңыз
Бірінші күні әріптесіңізден, жетекшіңізден немесе басқа қызметкерлерден сіз болмаған кезде ұйымда болуы мүмкін өзгерістер туралы ақпарат беруін сұраңыз.
Жұмыс пен өмір балансын есте сақтаңыз
Салауатты жұмыс пен өмір балансына ұмтылыңыз. Тәулік бойы жұмыс істейтін кестеге бірден қосылмаңыз - еңбек күшін мүмкіндігінше біртіндеп арттырыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!