Баян Мақсатқызы сәбилі болғанын жариялағаннан кейін желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туды. Massaget.kz тілшісі 50 жаста және одан асқан кезде дүниеге сәби әкелгендердің саны қанша екенін анықтады.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2023 жылы 50 жаста және одан үлкен жаста босанған әйелдердің саны - 96, биыл бұл жастағы 45 әйел дүниеге сәби әкелген.
Былтыр 50 жастағы 36 әйел, биыл 15 әйел, былтыр 51 жастағы 28 әйел, биыл 11 әйел, былтыр 52 жастағы 10 әйел, биыл 4 әйел босанған.
50 жастан асқан әйелдер арасында босанғандардың ең үлкені 59 жаста. Былтыр 59 жастағы бір әйел, биыл 59 жастағы екі әйел босанған. Ал 2023 жылы 58 жастағы 4 әйел, биыл 3 әйел дүниеге сәби әкелген.
Еске салайық, бұған дейін гинеколог Гүлназ Сәбитова "50 жасқа келген әйел бала босана ала ма, 50 жаста бала босанудың қандай қауіптері бар?" деген сауалдарға жауап берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!