Азамат Сатыбалды танымал режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильмдегі" қызметіне қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы ол "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Азамат Сатыбалдының сөзінше, Қуаныш Бейсек айлық сұрамаған.
"Мақсатымыз - "Қазақфильмнің" жаңа бағытын анықтау. Өйткені "Қазақфильм" соңғы жылдары көрерменінен ажырап қалды. Жастарға қуанғаным, Қуаныш Бейсек айлық сұрамады. "Қазақстандағы ең төменгі жалақы қанша? Соны беріңіз, болды" деді. Қазақстандағы ең төменгі айлық - 85 мың теңге. Бір ауыз сөзбен Қуанышқа да, Еркебұланға да, Жандос Айбасовқа да "Қазақфильмге" жаның ашиды ма?" дедім. "Жаным ашиды" деді. Онда кел деп айттым", - деді "Қазақфильм" басшысы Азамат Сатыбалды.
Еске салайық, бұған дейін режиссер алғашқы жұмыс күнінде неге баса мән беру керегін айтты. Қуаныш Бейсектің 30 жыл бойы жөндеу көрмеген "Қазақфильм" туралы айтқан ойын сілтемеден оқи аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз