Numbeo жаһандық дерекқоры ең лас елдер рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рейтинг әртүрлі елдегі ластану деңгейін бағалайды: ауа мен судың ластануы, қоқыс шығару сапасы, көгалдандыру деңгейі және өмір сүруге қаншалық ыңғайлы екені.
Қазақстан 111 елдің ішінде 30-орында. Оның индексі - 73. Ең лас бес елдің қатарында Моңғолия, Мьянма, Ливан, Гана және Нигерия бар. Индекстері 92,4-тен 88,2-ге дейін жетеді.
Ең таза елдер Финляндия (11,8), Исландия (15,7) және Эстония (17,1) деп танылды.
Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан 73 индексімен 35-орында болған еді.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда журналистер лас ауаға байланысты митингіге шыққалы жатқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыз: Құлаққаппен музыка тыңдау зиян ба?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!