Ең қымбат футболшы командасымен келісімін 9,5 жылға ұзартты

Ең қымбат футболшы командасымен келісімін 9,5 жылға ұзартты
Фото: mancity

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Осылайша, ол ағылшын премьер лигасында ең көп жалақы алатын футболшы атанды, - деп хабарлайды massaget.kz

Норвег шабуылшысы жаңа келісім бойынша "қалалықтар" сапында 2034 жылға дейін ойнайды. Бұл қазіргі футболшылар арасындағы ең ұзақ уақытқа жасалған келісімшарт. 

Шабуылшыны сату жайы 2029 жылдан бастап қана қарастырылады. Онда да ең жоғары баға ұсынылса ғана қаралады. 

Кей бейресми ақпараттар бойынша жаңа келісімде ойыншының "Реалға" ғана сату туралы мүмкіндігі қарастырылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Manchester City (@mancity)

Эрлинг Холанд "Ситиге" 2022 жылы "Боруссия Д" командасынан ауысып келді. Одан бергі аралықта 126 матчқа қатысып, 111 гол соқты. Екі рет Англия премьер лигасының чемпионы болды. Сондай-ақ Англия кубогы, Чемпиондар лигасы, Англия Суперкубогы мен Еуропа Суперкубогын иеленді.  

Transfermarkt бағалауы бойынша Эрлинг Холанд әлемдегі ең қымбат футболшылар қатарында. Қазіргі трансферлік құны 180 млн еуроны құрайды. 

Жаңа келісімшарт бойынша Холанд аптасына 500 000 фунт стерлинг жалақы алады. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget