«Apple» компаниясы Чикаго қаласындағы жаңа дүкенінің құрылысын аяқтады. Бұл Apple Store компания тарихындағы шығыны ең қымбатқа шыққан құрылыс болды.
Дүкеннің дизайны «Foster+Partners» студиясының көмегімен жасалды. Екі қабатты құрылыс Чикаго өзенінің жағалауында орналасқан. Оның ауданы 1800 шаршы метрді құраса, әйнекті ғимараттың шатыры «MacBook» ноутбугының дизайны бойынша жасақталған.
Бұл ғимаратты салуға компания 62 миллион долларға жуық қаражат жұмсаған. Сан-Франциско қаласындағы кез келген дүкенге жұмсалған қаражат бұған қарағанда үш есе кем. Чикагодағы Apple Store компания тарихында ең қымбат дүкен ретінде қалары сөзсіз. Дүкеннің ашылу уақыты әлі күнге дейін белгісіз.