Ең кішісі 2-де: Астанада өрт шығып, төрт бала қаза тапты

Ең кішісі 2-де: Астанада өрт шығып, төрт бала қаза тапты
Фото: Астана ТЖД

Астанада жеке екі қабатты үйде өрт шығып, төрт бала қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

17 қараша күні таңертең екі қабатты жеке үйдің шатыры өртеніп, содан кейін ішінара құлаған.

Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жетіп, ашық жануды байқаған. Өрт 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.

Себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина