Ең кішкентайы - бір жарым жасар бала: Алматы облысында қайтыс болған 4 адамға қатысты жаңа дерек шықты

Ең кішкентайы - бір жарым жасар бала: Алматы облысында қайтыс болған 4 адамға қатысты жаңа дерек шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында қайтыс болған 4 адамға қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Qonaev Media мәліметінше, Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында қайтыс болғандар - бір отбасының төрт мүшесі.

"Қайтыс болғандар - 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел, сондай-ақ, бір жарым жасар бала. Отбасы оңаша қыстақта тұрған. Туыстары бірнеше күн бойы хабар ала алмаған соң іздеп барып, үй ішінен барлығының жансыз денесін тапқан. Қайғылы оқиғаны бірден аудандық полиция бөліміне хабарлаған", - деп жазылған арна мәліметінде.

Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адам өлі табылғаны хабарланды.

2 ақпанда ТЖД-ға Райымбек ауылдық округі әкімдігінен Райымбек ауданы Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығы аумағында болған оқиға туралы ақпарат түскен. ТЖД марқұмдар неден қайтыс болғанын әзірге нақтыламады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget