Ең көп ізделген қылмыскерлердің бірі ұсталды

Ең көп ізделген қылмыскерлердің бірі ұсталды
Фото: Видео кадры

Мексиканың құқық қорғау органдары Лос-Рейес картелінің жетекшісі, Пончо деген атпен танымал Альфонсо Фернандес Магаллонды тұтқындады. Бұл туралы Мексиканың қауіпсіздік министрі Омар Гарсия Арфуш X желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мексиканың құрлықтағы күштерінің операциясы нәтижесінде Los Reyes картелінің жетекшісі Альфонсо "Н" тұтқындалды", - деп жазылған мәлімдемеде.

Бұған дейін АҚШ билігі мексикалық қылмыскерді тұтқындауға көмектескен ақпарат үшін бес миллион долларға дейін сыйақы ұсынған болатын.

Roya News басылымы мәліметінше, Магаллон - АҚШ-тағы ең көп ізделген қашқындардың бірі. Ол адам ұрлады, есірткі өндірді және есірткі саудасымен айналысты деп айыпталып отыр. Кейбір мәліметке сәйкес оның есімі 2025 және 2026 жылдары Мексика әскери күштеріне жасалған дрон шабуылдарымен де байланыстырылады.

Бұған жауап ретінде Лос-Рейес мүшелері Мичоакан штатындағы бірнеше жолды жауып, баррикадалар орнатып, ондаған көлікті өртеп жіберген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget