- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ең көп келетін...
"Ең көп келетін біржынысты жандар". Sexshop дүкенінің сатушысы ең қымбат тауары қанша екенін айтты
"Он сегіз жастан асқан қыз-жігіттерден бастап алпысқа таяған ағаларға дейін бәрі алады". Sexshop сауда дүкендеріндегі сатушылар қазіргі таңда мұндай тауарлардың сұранысқа ие екендігін айтып отыр. Massaget.kz тілшісі сөредегі тауары өзгеше сауда нүктелерін аралып шыққан еді.
Сұраныстың көп екені дүкендердің санынан-ақ көрініп тұр. Өйткені бір ғана 2gis жүйесінде Алматыда осындай 74 нысан бар екенін көрсетеді. Ал оның сыртында жасырын немесе интернет дүкендер арқылы сататындары қаншама?! "Беттің арын белге буып" әлгіндей дүкендерге бардық. Шашы ұзын, қасы-көзін бояған, алайда дауысы ер адамдыкіндей гүрілдеген сатушыға тап болдым. Сыртынан естігенім болмаса, мұндай жаратылыспен өмірде сөйлескенім алғаш рет. Менің сұрақтарыма сай:
"Бізде тауарлардың барлығы Германиядан әкелінеді. Өте сапалы. Ең өтімді тауарлар мүшеқаптар мен жақпа майлар. Күніне кем дегенде 5-7 адам келеді. Ал демалыс күндері келушілердің қатары тіптен көп. Барлық жастағы адамдар қолданады. Бәрі айналысады ғой",- деп жауап берді.
Қазақстанға эротикалық тауарлар Германия, Таиланд, Ресей секілді елдерден тасымалданады екен. Жеткізушілердің қызмет құнының өсуі, кедендік алымның өсуі мен инфляция әсерінен соңғы алты айда тауарлардың бағасы да 15-20 пайызға қымбаттаған. Тауарлардың ең арзаны 350 теңгеден басталып, атқаратын қызметіне қарай 750 мың теңгеге дейін барады екен. Демек, қымбатшылық бұл дүкендерге де әсер етіпті. Алайда мұндай тауарларды тұтынатындар бағасына аса қатты назар аудармайтын көрінеді.
"Бұл сфераға адамдар бір кірсе шыға алмайды. Отбасылы жұптар, жалғыз адамдар, өз өмірінде әртүрлілікті қалайды. Жасы алпыстан асқан ағалар да жиі келіп тұрады. Тіпті дүкенде жаңа тауарлар бар ма, ерекшесі келді ме деп тұрақты келіп тұратындары да бар. Жаңадан үйленген жұптар жиі келеді. Ал ең көп келетін біржынысты жандар", - дейді дүкен сатушысы.
Sexshop дүкендеріндегі әрбір тауарға арнайы ұйымдардан лицензия беріледі. Адамдарда аллергия туындатпайтын, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін бұл өте қажет көрінеді.
Аталмыш дүкендерді аралау барысында тауарларды жеткізу қызметі арқылы да алдыратындар баршылық екенін байқадық. Оның үстіне, сұраныс болмаса қала бойынша жетпіс шақты дүкен ашылмас та еді. Дүкен сатушысы сөз арасында дүкенді қызықтап жастардың да жиі бас сұғатынын айтып қалды. Тауарының өтімділігі үшін оны дүкен сатушысының қуып шықпайтыны да белгілі. Олардың тапсырыспен де алдыртып жатпағанына кепілдік жоқ. Сондықтан Sexshop дүкендері жас ұрпақтың санасына әсер етпесін деп тілейік...
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов