"Он сегіз жастан асқан қыз-жігіттерден бастап алпысқа таяған ағаларға дейін бәрі алады". Sexshop сауда дүкендеріндегі сатушылар қазіргі таңда мұндай тауарлардың сұранысқа ие екендігін айтып отыр. Massaget.kz тілшісі сөредегі тауары өзгеше сауда нүктелерін аралып шыққан еді.
"Бізде тауарлардың барлығы Германиядан әкелінеді. Өте сапалы. Ең өтімді тауарлар мүшеқаптар мен жақпа майлар. Күніне кем дегенде 5-7 адам келеді. Ал демалыс күндері келушілердің қатары тіптен көп. Барлық жастағы адамдар қолданады. Бәрі айналысады ғой",- деп жауап берді.
"Бұл сфераға адамдар бір кірсе шыға алмайды. Отбасылы жұптар, жалғыз адамдар, өз өмірінде әртүрлілікті қалайды. Жасы алпыстан асқан ағалар да жиі келіп тұрады. Тіпті дүкенде жаңа тауарлар бар ма, ерекшесі келді ме деп тұрақты келіп тұратындары да бар. Жаңадан үйленген жұптар жиі келеді. Ал ең көп келетін біржынысты жандар", - дейді дүкен сатушысы.
Аталмыш дүкендерді аралау барысында тауарларды жеткізу қызметі арқылы да алдыратындар баршылық екенін байқадық. Оның үстіне, сұраныс болмаса қала бойынша жетпіс шақты дүкен ашылмас та еді. Дүкен сатушысы сөз арасында дүкенді қызықтап жастардың да жиі бас сұғатынын айтып қалды. Тауарының өтімділігі үшін оны дүкен сатушысының қуып шықпайтыны да белгілі. Олардың тапсырыспен де алдыртып жатпағанына кепілдік жоқ. Сондықтан Sexshop дүкендері жас ұрпақтың санасына әсер етпесін деп тілейік...
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!