Ең көбі Самара-Шымкент тасжолында болған: Ақтөбе облысында жол апатынан 20-дан аса адам қаза тапқан

Ақтөбе облысында полиция жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл жұмыста заманауи құралдар, соның ішінде бейнебақылау камералары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылады. Сонымен қатар, құқықбұзушылықты жасырын түрде анықтау тәсілі де бар.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 342 жол апаты тіркелген. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 500 адам түрлі жарақат алған. Кәмелетке толмағандарға қатысты 77 жол апаты болып, бір бала қаза тапқан, 98-і жарақат алған.

"Жол апатының ең көбі Самара-Шымкент тасжолында тіркелген. Бұл бағытта 35 жол апаты болып, 72 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапқан. Алты жол апаты мас күйде көлік басқарған жүргізушілердің себебінен болған", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз