Антикор шет елдерден заңсыз активтерді қайтарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде агенттік Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден Қазақстанға ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зергерлік бұйымдар түріндегі активтерді қайтарды.
"Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Түркиядан 2,2 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі 661,5 миллион доллар шетелден табылғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!