Авиация саласында 65 жыл еңбек еткен Бостон тұрғыны әлемдегі ең қарт бортсерік ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Vesti.az сайты.
Басылым мәліметінше, 86 жастағы Бетт Нэш 1957 жылы қазір жоқ Eastern Airlines авиакомпаниясында бортсерік болып жұмыс істей бастаған. Қазір ол American Airlines компаниясында жұмыс істейді.
Нэш мансабының көп бөлігін Нью-Йорк-Бостон-Вашингтон рейсінде өткізгенін айтады, өйткені бұл оған мүгедек ұлына күтім жасау үшін түнде үйге оралуға мүмкіндік берген.
Нэш Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қарт жұмыс істейтін бортсерік ретінде кірген.