“Ең бірінші белгі салмақ жинай алмай қалу екен“. Актер Мұрат Бисенбиннің соңғы сұхбаты тарады

“Ең бірінші белгі салмақ жинай алмай қалу екен“. Актер Мұрат Бисенбиннің соңғы сұхбаты тарады
Фото: instagram.com/jemappelledali

8 қаңтарда қалың көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисенбин қайтыс болды. БАҚ пен әлеуметтік желіде актердің бұған дейін берген сұхбаттарының үзіндісі тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұрат Бисенбин тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында зиян сусындар жаман ауруға әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтқан.

"Алты жылдан бері спортпен айналысамын, ашығу режимін ұстанамын. Бірақ салмағым сол күйі. Әуелі мұны әйелім байқап, дабыл қақты. Асқазаныңызда ешқандай мәселе болмаса, жиі ашығып тұрған дұрыс. Одан қорқудың қажеті жоқ. Одан кейін алты жыл бойы ашқарынға энергетик сусын іштім. Қантсыз коланы таңертеңнен кешке дейін ішіп жүрдім. Осылар менің тәбетімді тежейді деп ойладым. Себебі қанша тамақ ішіп, спортпен айналыссам да, салмақ қоса алмай қойдым. Менің диагнозымның ең бірінші белгісі салмақ жинай алмай қалу екен. Алайда бұл сусындар менің денсаулығыма зиянын тигізді. Қатерлі ісікке шалдығуымның бірден-бір себебі де осы зиян сусындар болуы мүмкін деп ойлаймын", - деген актер.

Сондай-ақ, ол денсаулығына салғырт қарағаны үшін өкінетінін айтып, халықты ауырмаса да, тексерістен өтіп тұруға шақырған. 

Айта кетейік, бұған дейін өнері иесі қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Кейінірек актердің өзі ауыр дертпен қалай күресіп жатқанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

2026 жылы 8 қаңтарда актер Мұрат Бисенбин қайтыс болды.

Мұрат Бисенбин - актер, тележүргізуші. Кинодағы жолы 2001 жылы басталған. Актерліктен бөлек ол бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысқан.

Мұрат Бисенбин 1972 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Ол - Қызылорда қаласының тумасы. Ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша білім алған. "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлінен кейін үлкен танымалдыққа ие болған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget