Ең бай 10 боксшының тізімі жарияланды

The Richest сайты 2022 жылдың қорытындысы бойынша ең бай 10 боксшының тізімін жариялады. Боксшылардың көшін америкалық Флойд Мейвезер бастап тұр, - деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қалталы 10 былғары қолғап шеберінің арасында 17 қыркүйекте Геннадий Головкинмен қолғап түйістіретін Сауль "Канело" Альварес те бар. Тізімге әр жылдары рингте талайды мойындатқан экс-чемпиондар мен қазіргі үздіктер енді.

1. Флойд Мейвезер - 450 миллион доллар

2. Джордж Форман - 300 миллион доллар

3. Мэнни Пакьяо - 220 миллион доллар

4. Оскар Де Ла Хойя - 200 миллион доллар

5. Сауль "Канело" Альварес - 180 миллион доллар

6. Леннокс Льюис - 150 миллион доллар

7. Шугар Рэй Леонард - 120 миллион доллар

8. Владимир Кличко - 90 миллион доллар

9. Энтони Джошуа - 80 миллион доллар

10. Виталий Кличко - 80 миллион доллар

Бұл тізімде Қарағанды бокс мектебінің түлегі Геннадий Головкин жоқ болып шықты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!