- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Емізулі сәбиімен такси...
Емізулі сәбиімен такси болған астаналық әйелге пәтер беріледі
Бес айлық баласымен такси жүргізушісі болып жұмыс істеген астаналық әйелдің оқиғасы жақсы аяқталды. Ол енді такси жүргізбейді, оның айыппұлы алып тасталған. Сондай-ақ, желтоқсанда пәтер беріледі, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
"Біз біргеміз" қоғамдық қорының басшысы Перизат Қайрат Желіде астаналық әйел туралы видео пайда болғаннан кейін тұрғын үй мәселесін шешу үшін түрлі құрылыс компанияларымен байланысқан.
"Ақтөбеден келген меценат Мөлдір Сүйіншіәлимен байланысқа шықтық. Ол Астанада жеке үйлер салып жатыр. Бір ай бұрын ол біздің қорға жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер берді. Әлеуметтік желілерден Әселдің видеосын көрдім. Мөлдірге бұл пәтерді Әселге сыйға тартуды ұсындым. Ол келісті", - деді ол.
Пәтерді Әсел желтоқсанда ресми түрде алады, ол бес айлық қызы, 12 жастағы ұлымен бірге тұратын жатақханадан көшеді.
Әйел қайырымдылық қорына және көптен күткен пәтерді алуға көмектескен қазақстандықтарға алғысын білдірді.
"Қандай бақыт, сене алар емеспін. Көп рақмет. Мен бұған әлі сенбей тұрмын. Балаларыммен бірге кіреберісте түнейтін күндер де болған. Күндіз пәтер іздейтін едім, бірақ ешкім маған пәтер бермеді, өйткені кішкентай балаларым болды. Мен өте ризамын. Сіздер сияқты мейірімді адамдарға көп рақмет", - деді астаналық әйел.
Сондай-ақ, қор төрағасы Әсел бұдан былай такси жүргізбейтінін айтты. Ол көлік Астана қалалық таксопаркіне тиесілі екенін және Полиция департаменті "Сергек" камераларынан түскен барлық айыппұлды алып тастағанын жеткізді. Қазір Перизат әйелдің жаңа пәтеріне жөндеу жүргізуге көмектесу үшін көбірек демеуші іздеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін сәбиін алдына алып такси болып жүрген келіншек Қазнетті тәнті еткені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова