Емханада санитар болып жұмыс істейтін әйел адам танымастай өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео шаш стилисі Ерлан Айнабековтің парақшасында пайда болды.
Индира есімді әйел 39 жаста. Оның бір құлағы естімейді, өт қалтасын отамен алып тастаған, оған қоса жарық ауруын жұқтырған. Ол - бір қыздың анасы, күйеуімен ажырасқан. Қазір ол тіс емханасында санитар болып жұмыс істейді. Жалақысы небәрі 90 мың теңге.
Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне таңғалып, пікір қалдырған.
"Керемет Алла ісіңіздің берекесін берсін әп әдемі болып қалды", "Керемет! Аллаһ пейіліңізге берсін! Мен де осылай өзгерсем ғой", "Әйелдің бәрі сұлу ғой, тек өмірінде көрген қиындық шаршатып жібереді", "Жарайсың, қаншама жандарға көмектесіп жатсың. Алла тағалам сізге, бала-шағаңызға денсаулық берсін", - деп жазған олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз