Емдік қасиеті бар 7 өнім

Емдік қасиеті бар 7 өнім
Фото: pixabay.com

Пайдалы тағам кез келген ауруды емдей алмайды. Бірақ кей өнімдер ауру белгілерін жеңілдетіп, ағзаға онымен күресуге күш береді.

Сардина

Сардинаның ұсақ қылқандары сынған сүйектеріңіздің жылдам жазылуына көмектеседі. Бұл майшабақ балықтар суы, зәйтүн майы немесе томат тұздығы бар кішкентай құтыларға салынады. Олар кальций мен D дәруменіне бай. Сондай-ақ олар омега-3 майлы қышқылдарына бай.

Піспеген банан

Піспеген жасыл банандар диарея кезінде жақсы көмектеседі. Піспеген банан асқорыту жолындағы пайдалы бактерияларды қоректендіріп, зиянды бактерияларды сыртқа шығуға мәжбүрлейді.

Бал

Бал қабынуды басады, ауырсынуды азайтады және бактерияларды өлтіреді. Ол сондай-ақ вирусты жұқпалармен күресетін антиденелерге бай. Ол ниацин және С дәрумені секілді дәрумендерге, кальций және темір секілді минералдарға бай.

Қырыққабат

Қырыққабаттың кез келген түрі пайдалы. Олардың құрамында К дәруменінің мөлшері көп. Ол жаралардың тез жазылуына көмектеседі.

Зімбір

Зімбір асқазанға пайдалы. Ол жүрек айнуды басады. Сондай-ақ зімбір иммунитетті арттырады.

Шөптік шайлар

Тамағыңыздың ауыруын шөптік шайлармен басуға болады. Мысалы, жалбыз шайы ауырсынуды басатын қасиетке ие, қалампыр мен көк шай бактериялармен күреседі. Таңқурай шайы қабынуды басады. Тамағыңыз қарлығып қалса, түймедақ шайын ішіңіз.

Алма

Алманың құрамында пектин көп. Іш қатумен болсын, диареямен болсын қиналсаңыз, алманы қабығымен жеңіз.

Оқи отырыңыз: Сәуір айының маусымдық өнімдері

А. Жапатова