- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Емдеткім келген еді"....
"Емдеткім келген еді". Қазақстандық спортшы жекпе-жегіне үш сағат қалғанда анасынан айрылды
Қазақстандық спортшы Ернат Түгелбеков жекпе-жегіне бірнеше сағат қалғанда қайғылы хабарды естіді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол соған қарамастан, ресейлік Кирилл Самбросты жеңіп шықты.
Бұл жекпе-жек Алматыда Nomad Fighting Championship турнирі аясында өтті.
Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ернат Түгелбеков көрермендерге алғысын айтып, көпшілікке қаралы хабарды естіртіп, көз жасын тыя алмады.
"Қарсыласыма рақмет! Осы жеңісімді анама арнаймын, жаңа үш сағат бұрын суық хабар келген. Анашым, жаның жәннатта болсын. Осылай шықтым бірақ. Ақша керек дегендей. Анашым жеті жыл қатерлі ісікпен ауырған. Осы аурудан жазылып, сізді "Меккеге апарамын ба?" деген ой болған. "Дубайға апарамын ба?" деп. "Қыдыртайын" дегенмін. Жеті жыл ауырды анам. Қатты ауырды", - деді спортшы көз жасын тыя алмай.
Осы кезде қарсыласы оған қолдау көрсетіп, құшақтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан