- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Емделмейді". Ninety one...
"Емделмейді". Ninety one тобының мүшесі сырқаты туралы айтты
Ninety one тобының мүшесі Азамат Ашмақын сырқаты туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Топ мүшесі журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында неліктен шаш үлгісі көп өзгермейтінін түсіндірген.
"Басымда псориаз (қабыршақты теміреткі) бар. Шашымды алсам басым жара болып жүреді. Сол себепті әрдайым шашымды өсіріп жүремін. Амал жоқ. Ол емделмейді дейді. Дұрыс тамақтану керек", - дейді.
Азаматтың сөзінше, бұл тұқымқуалау арқылы келген ауру.
"Ол атамда болған, әкемде бар, ағамда бар. Зияны жоқ. Бірақ шығып тұрады. Ыңғайсызданамын", - дейді топ мүшесі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина