"Ем болсын". Мақпал Жүнісова концертінде ән шырқаған бүлдіршінге тосын сый жасады

Әнші Мақпал Жүнісова 60 жас мерейтойлық концертінде ән айтқан бүлдіршінге ақшалай сыйлық беріп, демеуші болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok әлеуметтік желісінде TanSholpan атты қолданушы жариялаған. Бейнежазбадан Бағжан есімді ерекше баланың әншінің концертінде ән айтқанын көруге болады. 

@tansholpannka

Мақпал апамыз керемет 🔥

♬ оригинальный звук - TanSholpan🤍

"Бағжан, айналайын, бағың жансын! Ем болсын. Менен саған 100 мың теңге", - деді әнші.

Желі қолданушылары "қолы ашық алтын кісі", "өзіне жетпей жатса да, біреуден аямайды", "Мақпал апамыз мықты ғой", "апай, адамгершілігіңіз осылай қала берсін", "ақкөңіл, сондай керемет жан", Мақпал апамыз қарапайым ғой", "жаным апам, күшті ғой" деп жазды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!