Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Эльвира Азимова туралы не белгілі?
Ол 1973 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін халықаралық заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылдан 2010 жылға дейін заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқығын қорғау, келісімшарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры қызметін атқарды.
2010 жылдан 2013 жылға дейін Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2013 жылы әділет вице-министрі болды.
2019 жылы қыркүйекте Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне кірісті.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот төрағасы болып тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова