Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Араб Әмірліктерінің қолдауын қазақ халқы ешқашан ұмытпайтынын айтты.
"Әмірліктер - ислам және араб әлеміндегі біздің сенімді әрі басты стратегиялық серіктесіміз. Сіздің еліңіз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанға қолдау көрсетіп келеді. Қазақ халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Әсіресе, елордамызды көркейтуге Араб Әмірліктері зор үлес қосты. Бұл - шынайы достықтың айқын көрінісі", - деді Мемлекет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!