Астанада учаскелік полиция инспекторлары халыққа есеп беру кездесулерін өткізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Шараның мақсаты – азаматтардың полиция жұмысына деген сенім деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтар ашық диалог форматында алаңдатқан мәселелерді талқылайды, өз ұсыныстары мен тілектерін айтады. Кездесулер азаматтар үшін ыңғайлы уақытта, яғни демалыс күндері немесе жұмыстан кейін кешкі уақытта өткізіледі.
Астанада жыл басынан бері учаскелік инспекторлар халықпен 900-ден аса кездесу өткізген, ол кездесулерге 48000-ге жуық азамат қатысқан. Есептік кездесулер ПИК жұмыскерлерінің, прокуратура және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Жекелеген учаскедегі халықтың барынша көп бөлігін қамту мақсатында Астана қ. ІІД ЖПҚ учаскелік инспекторлары тұрғындарды дауыс зорайтқыш арқылы хабардар етеді.