- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елордалық әйел кафеде...
Елордалық әйел кафеде күтпеген жайтқа тап болды
Астанада әйел кафеде би алаңында билеп жүргенде телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарыарқа ауданының полиция бөліміне астананың 44 жастағы тұрғыны жүгініп, кафеде оның құны 100 мың теңгеге жуық "Redmi 12 PRO" маркалы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленуші түнгі уақытта көңіл көтеру мекемесінде бос уақытын өткізгенін айтты. Сөмкесін үстелдің жанындағы орындыққа қалдырып, әйел би алаңына барған, ал қайтып келгенде гаджетінің жоғалып кеткенін байқаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейне камераларды қарау кезінде ұрлыққа қатысы бар 37 жастағы ер адамды анықтады. Ол достарымен бірге көрші үстелде отырып, қолайлы сәтті пайдаланып, ұялы телефонды сөмкеден алып кеткен.
Ер адам жасаған ісін мойындаған. Ұрланған телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда болғанда қырағы болуға кеңес береді.
"Бейтаныс адамдарға сенбеңіз және қысқа уақытқа болса да жеке заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз", - деп ескертті полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина