Елордадағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты: екі адам құтқарылды

Елордадағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты: екі адам құтқарылды
Фото: Видео кадры

Астанадағы "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінің 13-қабатында түнде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жексенбі, 20 қыркүйекте таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Астананың Есіл ауданында, Сарайшық көшесіндегі 14 қабатты тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы пәтер мен лоджиядан өрт шықты", - делінген хабарламада.

Елордалық ТЖД өкілінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне сағат 3:45-те түскен. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер екі адамды құтқарып, тағы бес адамды эвакуациялады.

Құтқарушылар тілсіз жауды сағат 4:13-те ауыздықтап, 4:22-де толықтай өшірді.

Өрттің аумағы 15 шаршы метр болды, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 25 жеке құрамы мен алты техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget