Елордада полиция қызметкерлері шетелдік заңсыз такси жүргізушілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.
Елордада 21 ақпаннан бері "Мигрант" жедел-алдын алу шарасы жүргізіліп жатқаны хабарланды.
"Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері шетел азаматтарының ел аумағында болу ережелерін бұзудың 184 дерегін анықтады, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Елден 20 шетелдік азамат шығарылды, Қазақстан Республикасында жергілікті уәкілетті органдардың рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, жеке тасымалдаумен айналысатын 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Оның ішінде, полиция қызметкерлері жолаушыларды жеке тасымалдаған Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматын мобильді қосымша арқылы ұстаған.
"Еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыру және ҚР аумағында заңсыз болу дерегі бойынша шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімі бойынша азамат ҚР аумағынан әкімшілік шығарылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!