Елордада велосипед ұрлаған өзбекстандық ұсталды

Елордада велосипед ұрлаған өзбекстандық ұсталды
Фото: depositphotos.com

Астана қаласы полициясына велосипед ұрлау фактісі бойынша елорда тұрғыны жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған велосипедін кіреберіске кіргізіп қою үшін далаға шыққан. Алайда қаскүнем өзінің көлігімен бірге қауіпсіздік құлпымен бекітілмеген тағы бір велосипедті алып кеткен. Ол ұрланған велосипедті кездейсоқ адамға сатып үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы