Елордада университеттен музыкалық аспап ұрлаған жігіт ұсталды

Елордада университеттен музыкалық аспап ұрлаған жігіт ұсталды
Фото: depositphotos.com

Астанада университеттен музыкалық аспап ұрлаған талапкер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болғаны белгілі болды. Құжаттарды тапсырған күні ол құралды университет бөлмесінен байқаған. Бөлмеге жасырын кірген жігіт, баянды ұрлап, негізгі шыға берістен шығып кеткен. Ол өз әрекетімен 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қаскүнемді анықтады. Ол осы университеттің 18 жастағы талапкері болып шықты. Талапкер жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Астана қаласы полиция департаменті бөтеннің мүлкін иемдену қылмыс ретінде сараланып, қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін ескертеді. Күдікті әрекеттердің немесе адамдардың куәгері болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарласыңыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы