- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елордада өзгенің веломобилін...
Елордада өзгенің веломобилін қолды қылған жасөспірім ұсталды
Астанада жасөспірім өзгенің веломобилін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға тұрғын жүгініп, белгісіз біреу елордалық саябақтардың бірінде оған тиесілі веломобильді алып кеткені туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасаған жасөспірімді "ізін суытпай" анықтады. Тергеу барысында оның қаланың оң жақ жағалауында орналасқан саябақта кетіп бара жатып, жалға берілетін веломобильді байқағаны белгілі болды. Қылмыстық пиғылмен ол жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, қауіпсіздік құлпын кесу арқылы көлікті алып кеткен.
Келтірілген шығын сомасы 2,5 миллион теңгеге бағаланған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Жасөспіріммен прафилактикалық әңгіме жүргізілді, заңды өкіліне тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина