Қазгидромет синоптиктері келесі аптада Астанада алғашқы қар жауады деп болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы демалыс күндері ауа райы болжамына сәйкес, жазғы ыстық ауа райы әлі де сақталады, бірақ келесі аптаның басында күзгі жаңбырлы салқын ауа райы күтіледі.
24-25 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-8 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде ауа температурасы 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10-13 градусқа дейін төмендейді.
26 қыркүйекте әлдеқайда салқын болады - күндіз 20 градусқа дейін, түнде 13-15 градусқа дейін. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді.
Кейін температура төмендейді:
Ұзақ мерзімді болжамның өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!