ҚР Қаржылық мониторинг агентігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тұрақты негізде Астана аумағында қаржылық пирамидалардың жолын кесу және жою бойынша іс-шаралар, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимылдар жүргізілуде, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жыл басынан бері интернет-ресурстарын тексеру бойынша "Байқа, пирамида!" Telegram-бот іске қосылды. Енді азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілерді қаржылық пирамидалардың бар болу мәніне өз бетінше тексеріп, бағамдай алады.
"2023 жылдың 10 айында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында заңсыз қызметін жүзеге асырып келген 19 қаржылық пирамида қызметінің жолын кесті. Қаржылық пирамидалар бойынша сотқа ҚР ҚК 217-бабы 3-бөл. 10 қылмыстық іс жолданды, оның ішінде 6 қылмыстық іс бойынша үкімдер шығарылып, ұйымдастырушылары ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылды. Мысалға, Q-net қаржылық пирамидасында, "Q-net" компаниясына жаңа қатысушыны тартып, ол құны 2 000 АҚШ долларынан кем емес тауар сатып алу үшін ақша қаражатын салады және соның есебінен Q-net компаниясынан бонустар алады, - деп хабарлайды Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.
Жалпы, республика бойынша Қаржылық мониторинг агентігі қаржылық пирамидаға қарсы арнайы жобаларды жүзеге асыруды қолға алған. Басты мақсат – алаяқтар тобын қылмыс жасаламай тұрып анықтап, олар келтіретін залалдың алдын алу. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы 50 қаржылық пирамида анықталып, оның 35-і жойылды. Қазір көп істер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жоба аясында қаржылық пирамидаларға қарсы кейбір құралдарды іске қосылды. Мәселен, кейбір күмәнді сайттарды бұғаттауға кибербақылау. Бұл бағытта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі осындай сайттарды бұғаттауға байланысты қатаң шешімдер қабылдап жатыр. Өкінішке орай, мұндай сайттардың саны жыл санап өсуде. Нақтырақ айтсақ, былтыр 6,5 мың сайт, биыл 7 мың сайт пен аккаунт бұғатталғаны осы сөзімізге дәлел.
Сонымен қатар, IT құралдарды енгізудің арқасында заңға қайшы жобалар көбірек анықталуда. Қаржылық пирамидалармен күрес жобасы басталған 2021 жылы заңсыз 600 сілтеме ғана табылса, биылғы 9 айда мұндай әрекеттер әлденеше рет өсіп кеткенін жоғарыдағы мысалдан байқауға болады.
Заманауи қоғамның әлеуметтік ауруларының бірі – ойынқұмарлық. Ойын бизнесі адамдардың денсаулығына орасан зор залалын тигізеді. Құмарға еліткен адамдар басында өз ақшаларынан ұтылады. Осыдан кейін ұтылғандарын қайтаруға тырысып, үйінен мүліктерді ала бастайды, тіпті қылмыс жасауға дейін барады. Осы жылы қабылданған шаралармен ойын мекемелерінің заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша жұмыс күшейтілді.
"Биылғы 10 айда ойын бизнесі саласында сотқа дейінгі 9 өндіріс тіркелді. Ойын автоматтары бойынша 4 факті, 1 онлайн казино, "ПОКЕР" карта ойыны түріндегі құмар ойындарымен 4 мекеме қызметінің жолы кесілді. Мысалға, "ПОКЕР" карта ойыны түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар қызметінің жолы кесілді. Сотталушылар, Астана қаласының үш тұрғыны ҚР ҚК 307-бабымен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп танылып (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде табыс табумен, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру), оларға шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. Бұдан басқа, "ПОКЕР" ойын карталарын тарататын дилерлері бар құмар ойыны мекемесі қызметінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.
Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!