Елордада халықаралық "Әскери керней" фестивалі басталды

Елордада халықаралық "Әскери керней" фестивалі басталды
Фото: inform.kz

Бүгін "Барыс арена" мұз айдынында 7 жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан әскер шара өз бастауын алды. Бұл жайында Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық деңгейдегі фестиваль Астана қаласының 20 жылдығына арналады. Шараға қазақстандық әскери оркестрлер және шет елдік әскери шығармашылық ұжымдар қатысты.

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі кезінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов сөз сөйлеп, қатысушы топтарға, қонақтарға сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық ұланның бастамасымен 7 рет өткізіліп жатқан әскери іс-шараға Отандық әскери оркестрден бөлек, Қытай, Ресей сияқты алпауыт елдердің шығармашылық ұжымдары қатысты. Ертең, "Барыс арена" мұз айдынында сағат 17:00-де қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтеді.

А. Қажиев