Елордада ер адам басқа біреудің көлігін айдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғыны полицияға арызданып, Toyota Camry көлігі ұрланғанын хабарлаған. Жігіттің айтуынша, көлік белгісіз адаммен жанжал кезінде ұрланған. Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы үйдің ауласында келе жатқанда, дәрет сындырып жатқан мас адамды байқайды. Жігіттер бұзақыны жөнге келтірмек болғанда, ол жанжал шығарып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде төбелеске қатысушылардың бірі көлік оталып тұрғанын байқап, көлікке отырып, белгісіз бағытқа із-түссіз қашып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары Абылай хан даңғылындағы үйдің ауласынан ұрланған көлік ізін анықтаған. Алматы аудандық полиция қызметкерлері 2 сағат ішінде ұрлық жасаған күдіктіні құрықтаған. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!