- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елордада демалыс және...
Елордада демалыс және мереке күндері автотұрақтар ақылы болады
Елордада 1 қазаннан бастап демалыс және мереке күндері автотұрақтар ақылы болады. Ақылы тұрақ жобасы көше-жол желілерінде көлік қозғалысын азайтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автотұрақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін тегін болады.
"2023 жылдың 1 қазанынан бастап демалыс және мереке күндері автотұрақтар ақылы болады, бұл көшелердің өткізу қабілетін тұрақты түрде арттырады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ақылы автотұрақ шекарасындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін тегін тұрақ жасау туралы ұсыныс қарастырылуда. Ақылы автотұрақтар ұйымдастырылған үйлердің тұрғындары оларды енді тегін пайдалана алады", -делінген хабарламада.
Автокөлік иелерінің 99%-ы тұрақ ақысын мобильді қосымшалардың көмегімен төлейді. Транзакцияның тек 1%-ы паркоматтарға тиесілі. Компания тұрақ ақысын төлеудің балама тәсілдеріне astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет, терминалдар және "Касса24" сайты жататынын еске салады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы