Астанада бір күнде жол қозғалысы ережелерін бұзған 200-ден астам жаяу жүргінші анықталып, айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қалада бір күндік "Жаяу жүргінші" акциясы барысында жолдың жүріс бөлігінің белгіленбеген жерлерге өтуі кезінде және бағдаршамның тыйым салатын сигналына жаяу жүргіншілер жіберетін ЖҚЕ құқықбұзушылықтары анықталған.
"Апатты жол учаскелеріне, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерге және самокат мен мопед жүргізушілеріне ерекше назар аударылды. Шағын электр көліктері жол қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп жүр. Орташа алғанда, күні бойы құқық қорғау органдары жаяу жүргіншілер жіберген 200-300-ге жуық құқықбұзушылықты анықтады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Биыл жыл басында ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 17 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!