Мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары елордада Астана әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен бас шыршаның шамдарын жағу салтанатын тамашалады. Шара мерекелік отшашумен ашылды, - деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Алғашқы жаңажылдық кешке қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысып, келушілерге керемет көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, бүгін бірінші мұз қалашығы ашылып, оны ересектер мен балалар аралап та үлгерді.
«Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұл керемет сый. Елордада бірегей орындардың көптігі қуантады. Мұнда суретке түсіп, басқа қалалардағы достарымыз бен туыстарымызға жіберіп үлгердік», - дейді қала тұрғыны Ақнұр Айбарова.
Бірнеше сағатқа созылған думанда келушілер сырғанақ теуіп, мұздан жасалған пішіндердің және бас шыршаның жанында суретке түсті.